Елбасы Шахан кентінде қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

223

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні сағат 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды. Қазіргі уақытқа дейін үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы,екіншісі 2010 жылғы.




3 thoughts on “Елбасы Шахан кентінде қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

  1. Әлия

    Қайғырып, көңіл айтамыз. Бұл бүкіл халықтың қайғысы. Ортақпыз.

  2. Айбек

    Иманды болсын, қаза тапқандар. Жандары жаннатта болғай.

  3. Әлия

    Шахандықтар, біз сіздермен біргеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *