01

Тарих

       Бірінші ғарышкер-қазақ Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа 1991 ж. қазанда ұшқан, Кеңес Одағы Батыры (1988ж.), Халық Қаһарманы (1995ж.), техника ғылымдары докторы, Қазақстанда 1999ж. қарашада өткізілген қоғамдық акция нәтижесінде Т.О. Әубәкіров «Ғасыр адамы» деп танылды.

Ашық ғарышта ең ұзақ болу біздің жерлесіміз – ұшқыш-ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев атымен байланысты. «Мир» орбиталық станциясында қарастырылмаған жағдайдың пайда болуынан 30 сағат 08 минут. Ол «Россия Федерациясы батыры» (1994ж.) және Халық Қаһарманы (1995ж.) атақтары иегері. Оған қоса Т.Мұсабаев бір сапарда ашық ғарышқа шығу саны бойынша Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы болып табылады, ғарыштық жабдықтардың жалпы салмағы 248672 кг – әлемдік рекорды үшін медаль алған. Қазір – Ұлттық әуе-ғарыш агенттігінің төрағасы, авиация генерал-лейтенанты.

Егемен Қазақстанның алғашқы ғарышкері Айдын Аимбетов 2015 ж. қыркүйекте халықаралық экипаж құрамымен ғарышқа ұшты. 2015ж. 12 қыркүйегінде жерге оралды. Бұл «Гагарин старты» тасығыш-зымыранның 500-ші, мерейтойлық ұшуы. А.Аимбетов үшінші қазақстандық ғарышкер болды. Ол халықаралық ғарыш станциясы бортында Қазақстан Республикасының туын, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туын алды.

Қазақстан рекордтар кітабы

Дайындаған Үміт Жұмаділова.




Пікір қалдыру