010

Қасымов: Полицейге есік ашпасаңыздар, тексерудің басқа жолын табамыз

Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов қазақстандықтардың учаскелiк полицейлерге есiк ашпауға құқығы бар ма, деген сұраққа, онда полицейлер «азаматтарды тексерудiң басқа амалын табады» деп жауап бердi. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасап  Kazgazeta.kz  хабарлайды.

Үкiмет отырысы аяқталған соң журналистердiң сұрақтарына жауап берген Қалмұханбет Қасымов iшкi iстер министрлiгiнiң уақытша тiркеудiң жоқтығы үшiн азаматтарға айыппұл сала бастамағанын айтты.

Дегемен, тiлшiлердiң қазақстандықтың учаскелiк полицейлерге есiк ашпауға құқығы бар ма деген сұраққа «Жақсы, ашпаңыздар, бiз тексерудiң басқа амалын табамыз» деп жауап қатты.

Атап өтсек, бүгiн үкiмет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн ХҚКО-ларда үлкен кезектiң қалыптасқанын және бұның, жалпы тiркеудiң халық арасында наразылық тудырғанын айтты.

Премьер-министр тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн айтып, Ішкі істер министрін сынға алған болатын.




1 пікір “Қасымов: Полицейге есік ашпасаңыздар, тексерудің басқа жолын табамыз

Пікір қалдыру