Тырнақты тістеме

353

Ертеде бір кедей болыпты. Ол қанша еңбек етіп, тер төксе де, еңбегі зая кете беріпті. Анда-санда бір тойса, шала байып қалады екен. Бір күні Мәдина шаһарында Мұхамбет деген Алланың елшісі барын естиді. Оған барып жолығуға бел байлайды.

Ұзақ жол жүріп, пайғамбарға келеді.

– Уа, Алланың елшісі, мен байлыққа жарымай-ақ қойдым. Қанша тер төксем де, еңбегім зая кетеді. Соның себебі неде? – деп сұрайды.

Жігіттің бір жаман әдеті бар екен. Ол өскен тырнағын тісімен алып тастайды екен. Пайғамбардың алдында тұрғанда да сол әдетін қайталапты. Пайғамбар жігіттің мазасыз халін көріпті де, оның басынан сипап:

– Тырнақ тістегенді қой. Бұл – жаман әдет. Әділ Құдай сенің адал еңбегіңді жемейді. Адал кәсіптің құты мен берекесі отбасыңа дарығысы келеді. Бірақ мына жағымсыз әдетің оны үркітіп жібереді екен, – депті.

Жігіт кедейшілік себебінің сырын білген кезде таңғалады. Жаман әдетінен дереу тыйылады. Көп ұзамай ісі де алға басып, дәулетті адам болған екен.




One thought on “Тырнақты тістеме

  1. Алмаш

    Бұл әдет әсіресе кішкентай балаларда жиі кездеседі. Сондықтан оларға жас кезінен ескертіп, айта берген жөн болар. Әрбір қазақ баласы дәулетті болса жақсы ғой!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *