1494911836_news_b

Назарбаев Бейжіңдегі форумда бес ұсыныс айтты

Назарбаев Бейжіңдегі форумда «Бір белдеу- бір жол» жобасын іске асыру үшін  бес ұсыныс айтты. Форумның екінші күні негізгі пленарлық отырыс өтіп, сауда-саттыққа серпін беру, көлік дәліздерін дамыту, тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізу жолдары жиын тақырыбына айналды. Жиында сөз сөйлеген Елбасы сервис сапасын арттырып, тауарлар ағынын өткізуді жеңілдету, әкімшілік тосқауылдарды жою маңызды екендігін айтты. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ұсынды. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар инновациялық, технологиялар компаниялары мен венчур қорларын қаржыландыру қажеттігіде  айтылды. Бастысы «Бір белдеу — бір жол» идеясын сәтті жүзеге асыру үшін ортақ мүддеге жұмылдырылған елдерге көпжақты ынтымақтастық пен сенімге негізделген ықпалдастық қажет.

«Қазақстан құрлық елдері арасындағы тату көршілік қатынастарды нығайтуды белсенді түрде жақтайды және Қытайдың трансөңірлік кооперацияны дамыту жөніндегі талпынысын қолдайды. Бүгінгі таңда, «Нұрлы жол» және Жібек жолы экономикалық белдеуі бағдарламаларын ұштастыру жоспары аясында Қазақстан мен Қытайдың индустрияландыру саласындағы ынтымақтастығын үйлестіру ісі басталып кетті»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 

Бейжіңге сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен және Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен екіжақты келіссөз өткізді. Жібек жолы Экономикалық белдеуінің бастамасы алғаш рет Қазақстанда ұсынылғанын еске алған Си Цзиньпин, өндірістік қуат, сауда-саттық, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы екі елдің ынтымақтастығы жоспарлы дамып жатқанын атап өтті. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы өңірлік және жаһандық дамудың жаңа парадигмасы, ынтымақтастықтың жаңа схемасына айналғанын айта келе, Назарбаев Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын үлгі тұтарлық деп атады. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымының өсімі 30 пайызды құрап отыр.

Дереккөз:«Алматы «  телеарнасы




Пікір қалдыру