Ұлттық Банк азаматтарға таза алтын құймаларын сатып алу бағдарламасын ұсынды

148

Ұлттық Банк ел азаматтарына тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасын ұсынып отыр.

Салмағы 10 грамнан 100 грамға дейінгі алғашқы төрт алтын құйманы Президент Нұрсұлтан Назарбаев сатып алған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас банкир Данияр Ақышев хабарлады. Алтын құймалар Қазақстан теңге сарайында жасалған. Сынамасы «төрт тоғыздық» болатын құнды металды екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінен сатып алуға болады. Әзірге бұл бағдарламаға екі қаржы институты қатысуға ниетті. Сарапшылар пікірінше, алтын – жақсы инвестициялық құрал. Бірақ құймаларды қайта өткізіп, қолма-қол ақша алу үшін арнайы орамды ашпау керек. Ұлттық банктегілер алтын құймалар қазақстандықтардың сұранысына ие болатынынан дәмелі.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы:

  — Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары артық ақшасын негізінен депозитке салады немесе қолма-қол шетел валютасына ауыстырады. Ұлттық Банк тұрғындарға жаңа инвестициялық құралды ұсынып отыр. Инвестициялық алтынды сатып алу мен сатуға салық салынбайды. Азаматтар алтынды банк ұяшықтарында немесе өздері қалаған жерде сақтай алады.

24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *