Атырау МӨЗ Хайнань мұнай өңдеу зауытымен іскерлік ынтымақтастық келісіміне қол қойды

235

Қытайдың астанасы Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар құрамына кіретін Атырау мұнай зауыты мен «Sinopec Group» Қытай мұнайхимия корпорациясы құрамындағы Хайнань мұнай өңдеу зауыты арасында іскерлік ынтымақтастық пен бауырластық қатынас келісіміне қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Вnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газды өңдеу жөніндегі аға вице-президенті Данияр Тиесов пен «Sinopec Group» бас директоры Лин Ицюн қол қойды.

Екіара келісім мұнай өңдеу кәсіпорындары арасында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға, әлеуметтік саясат пен персоналдарды басқаруда, энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мен жаңа технологияларды енгізуде, қондырғыларды қауіпсіз пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен бірлескен жобалар жасақтауға бағытталған.

Тараптар жаңа технологияларды бірлесіп жасақтау саласында, өндірісті ұтымдастыру идесымен бөлісу, өнімдер сапасын арттыру мен экологиялық ахуалды жақсарту, «Интернет+Өнеркәсіп» және SMART-заводтарды енгізу тұжырымдамасын жасамақ.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *