ҰБТ кезiнде 200-ге жуық аппеляциялық өтiнiш түстi – министр

119

Елiмiзде өткен ұлттық бiрыңғай тестiлеу кезiнде 199 жуық аппеляциялық өтiнiш түсiп, оның 103-i қанағаттандырылды. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

 «Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 20-27 маусым аралығында республика бойынша 165 ҰБТ өткiзу пунктiнде өткiзiлдi. Тестiлеуге қатысуға 93 мың мектеп бiтiрушi өтiнiш бiлдiрдi. Оның 69 мыңы немесе 76 пайызы емтиханды қазақ тiлiнде тапсырды. Жалпы ҰБТ-ға өтiнiш бергендердiң 95 пайызы немесе 88,5 мыңы тестiлеуге қатысты. ҰБТ кезiнде 25 мың тестiлiк тапсырма пайдаланылды. 199 тестiлiк тапсырма бойынша аппеляциялық өтiнiш түстi, оның 103-i қанағаттандырылды. ҰБТ кезiнде тыйым салынған заттарды пайдалананып, тестiлеу ережесiн бұзғаны үшiн тестiлеуден 12 адам шеттетiлдi», — дедi Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша орташа балл 80,5-тi құрады. Ең жоғарғы балл 140-ты құрайды.

Өткен жылы 81 балды құраған, ол кезде ең жоғарғы балл 125 едi. Биыл 50 балдық шектi деңгейдi 74,5 мың адам немесе барлық түлектердiң 84 пайызы бағындырды. Сәйкесiнше, 14 мың адам немесе түлектердiң 15 пайызы шектi деңгейден өте алмады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *