Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге қайтып келе жатыр

246

Каир қаласында ұсталған 6 қазақстандықты Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік комитеті елге депортациялады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 Министрлік өкілінің хабарлауынша, 1 тамыз күні кеште Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласып, осыған дейін ұсталған қазақстандық азаматтардың барлығын еліне депортациялайтындықтарын айтқан. Қазақстандық дипломаттар оларды елге қайтару үшін Каир әуежайына жеткізген.

Хабарламада 6 отандасымыздың жағдайы жақсы екені, жақын арада елге оралатыны айтылған. Алайда олардың ұсталу себебі әзірге белгісіз. Мысыр билігі азаматтардың не үшін қамалғаны жайлы себеп-салдарды еліміздің құқық қорғау органдарына хабарлайтын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *