Чемпиондар лигасында «Астана» қайтадан «Селтикпен» ойнайды

155

«Астананың» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде кімге қарсы ойнайтыны анықталды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеребе тарту кезінде шотландиялық «Селтик» келесі қарсылас болатыны анықталды. Командалардың алғашқы ойындары 15 және 16 тамызда Глазгода өтеді, ал қарымта кездесу бір аптадан кейін Астанада болады.

«Астана» және «Селтик» мұның алдында да Чемпиондар лигасында бір-біріне қарсылас болғанын айта кетейік. Өткен маусымның екінші кезеңінде шотландиялық  клуб «Астанадан» басым түскен еді.Глазгодағы есеп 1:1 болғанымен, пенальти тебу кезінде шотландиялықтар алға шықты.

Чемпиондар лигасының 2013/14 маусымында «Селтик» қарағандылық «Шахтерді» ұтқан болатын (0:2, 3:0).

Алдағы «Астана» — «Селтик» ойынының жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады. Ал ұтылған команданың Еуропа лигасында өнер көрсету мүмкіндігі бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *