ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды

680

Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті, онда министрлер кабинетіне ҚР Премьер-Министрінің жаңадан тағайындалған орынбасарлары — Ерболат Досаев пен Асқар Жұмағалиев таныстырылды. 

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстыра отырып, Ерболат Досаевтың экономикалық блокты күшейтетінін, соның ішінде экономиканың басты салаларын жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жұмыстарын үйлестірумен айналысатынын атап өтті.

Асқар Жұмағалиев күн тәртібінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы тұрған экономиканы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жетекшілік етеді.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев 18 тамызда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңес аясында, сонымен қатар 25 тамызда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің мәселелері бойынша өткен кеңес аясында Мемлекет басшысы Үкіметке нақты міндеттер жүктегенін айтып өтті.

Осыған орай, ескертулерді ескеріп, барлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етіп, экономика өсімінің қазіргі қарқынын сақтау қажет.

Еске сала кетейік, бүгін, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарына сәйкес, Досаев Ерболат Асқарбекұлы мен Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары болып тағайындалды. 

Primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *