Дәурен Абаев журналистің этика нормаларын түсіндірді

325

Бүгін ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі жеке парақшасында ақпарат және коммуникациялар саласына қатысты заң жобасындағы өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған видео жариялады. Онда министр халық арасында қызу талқыға түскен адамның жеке басына қатысты құпияларды жариялау, журналистік этика, мемлекеттік органдардың БАҚ сауалдарына жауап беру мерзімі т.б. нормалар жөнінде толық түсіндіріп берді, деп хабарлайды  Вnews.kz тілшісі.

«Қымбатты достар, уәде етілгендей, ақпарат және коммуникациялар саласына қатысты заң жобасындағы өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған видео назарларыңызға ұсынылып отыр. Бұл видеода мен жобадағы ең көп талқыланған нормаларға тоқталдым», — деп жазды министр.

Видео:  facebook-тегі жеке парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *