Америка ЮНЕСКО құрамынан шығады

Америка мемлекеттік департаменті ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокованы АҚШ-тың ұйымнан шығу туралы шешімінен хабардар етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі russian.rt.com басылымына сілтеме жасап.

 Мемлекеттік департамент Американың ЮНЕСКО құрамынан шығатынын және ұйым жанынан тұрақты бақылау миссиясын құруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Шешім 31 желтоқсанда күшіне енбек.

Вашингтонның мұндай қадамға баруына мүшелік жарна қарызы мен ұйымды реформалау қажеттілігі себеп болған.

ЮНЕСКО — БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелеріне жауапты мамандандырылған мекемесі. Ұйым 1945 жылы құрылды, штаб-пәтері Парижде орналасқан. ЮНЕСКО құрамына шамамен екі жүздей мемлекет кіреді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *