Өсiмдiк майы мен қой етi ендi Бельгияға экспортталмақ – АШМ

164

Үкiмет отырысында ҚР АШМ бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов агрөнеркәсiп кешенiн дамытуға арналған мемлекеттiк бағдарламаның 9 айлық қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

 Вице-министр биыл қой етiнiң экспорты 53 пайызға, тiрi қойлар экспорты 7,2 есеге артқанын айтты.

«25 мамырда Қазақстан қалған бес облысы үшiн аусылдан таза аймақ мәртебесiн алды. Салқындатылған қой етi мен тiрi қойларды Иранға жеткiзуге ветсертификаттар келiсiлдi. Өткен кезеңде БАӘ-ге iрi қара мал, ұсақ мал мен тауық жұмыртқасын жеткiзуге ветеринарлық сертификаттарға қол қойылды. Ал Қытаймен балық, қой, ара шаруашылығы өнiмдерi мен кебек жеткiзуге сәйкес құжаттар бекiтiлдi. Израиль мен Сауд Арабиясының ветқызметтерiмен жұмыс жасалып жатыр. Қабылданған шаралар қой етiнiң экспортын 53 пайызға, тiрi қойлар экспортын 7,2 есеге арттыруға мүмкiндiк бердi. Азық түлiк корпорациясы сыртқы нарыққа бидайдан басқа майлы дақылдарды жеткiзiп жатыр. Атап айтсақ, 3 мың зығыр Бельгияға экспортталды, жыл соңына дейiн 2 мың тоннадан өсiмдiк майы мен қой етi жеткiзiлмек», — дедi Айтуғанов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *