Үкімет басшысы Маңғыстау облысына барды

86

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламалар мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы аясындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлады Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

 Сондай-ақ, Үкімет басшысы Маңғыстау жерінде өңірдің көлік-логистикасын дамыту әлеуеті мен бизнеске қолдау көрсету бағытындағы шаралардың жүзеге асырылуымен танысатын болады.

Бақытжан Сағынтаев Ақтауға Ереванда (Армения) өткен ЕҮАК отырысынан кейін барды.

Жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша өңір халқымен және активімен кездесіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша, «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің өкілдерімен кездеседі.

Сонымен қатар Премьер-Министрі Құрық ауылындағы паром кешенінің жұмысымен және кешеннің екінші бөлігінің құрылысымен танысып, әлеуметтік инфрақұрылым және өнеркәсіп кәсіпорындарын аралайды.

Бақытжан Сағынтаев облысқа келгеннен кейін 25 қазан күні кешке Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде орналасқан жатақхананы аралап, жас мамандарды баспанамен және жұмыссыз тұрғындарды еңбекпен қамтуға бағытталған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасын жүзеге асырылуын қадағалады.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауымен тұрғызылған «Софи Мед Групп» ЖШС көпбейінді клиникасына барды. Бүгінде мұнда көптеген жалпы және бір жақты бейінді медициналық бағыттар бойынша қызметтер көрсетіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *