Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленеді

109

Жаңа жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына бірыңғай жәрдемақы берілмек.Бұл туралы Алматыға іссапармен келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.

 Оның сөзіне сенсек, атаулы әлеуметтік көмек деген атқа ие болған бірыңғай жәрдемақының көлемі үш бірдей әлеуметтік көмектің қаржысын қосқандағыдан әлдеқайда жоғары болады. Бірақ бұл барлығына бірдей төленбейді. Егер отбасында жұмыс жасындағы азамат болса және ол жұмысқа жарамды болса, әлеуметтік көмек оларға тек шартты келісіммен ғана беріледі. Жеңілдіктердің барлығы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жасалатындықтан министр мекемелердің дайындығын да тексерді.

«Осы атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да көмектерді алу үшін азаматтар үш түрлі құжатпен үш түрлі мекемеге бару керек болса, енді тек бір мекемеге – әлеуметтік жұмыспен қамту мекемесіне барады. Жұмыспен қамту мекемесін дайындығын тексердік. Ендігі жылы Алматы қаласы бойынша он екі жарым мыңдай азамат атаулы әлеуметтік көмек алады», — дейді Тамара Дүйсенова.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *