Тағылымы мол кездесу кеші

139

Алматы қаласы Медеу ауданының «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы  және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде КСРО-ның еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешовамен кездесу кеші өтті.

Аталған кеште мектеп оқушылары белгілі кино жұлдызына өздерінің сұрақтарын қойып, өнер майталманының салиқалы әңгімелерін тыңдады. Қыз Жібек киносындағы қызықты сәттерді, кездескен кедергілерді баяндап берді.

— Өнер жолы ауыр жол. Бұл қадамға бару үшін әртүрлі кедергілерден өттім. Адал еңбек пен төзімділігімнің арқасында қалаған мақсатыма жеттім. Айта кетейін, мен бұл киноға 500 қыздың арасынан іріктеліп алындым және бұл фильмді өз деңгейімде сомдап шыққанымды мақтанышпен айтамын, — деді М.Өтекешова.

«Қыз Жібек» фильміндегі Жібек нәзіктілігімен қатар ақылды, қайсар мінезді, қиындыққа төтеп беретін батыл қыз образымен ерекшеленеді. Бұл «Қыз Жібек» жырымен таныс 9-сынып оқушыларына тың жаңалық болды. Өйткені Жырда «Қыз Жібек» образы нәзіктікті, әдемілікті, көркемдікті, сұлулықты дәріптеген әрі суреттеген.

Кездесу барысында оқушылар айтулы тұлғаның өмірі мен өнер жолы жайында дайындалған бейнероликті тамашалады. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. 5 -ші сынып оқушысы Темірлан Өсімқұлов «Гәкку» әнін шырқаса, 3 – сынып оқушыларыларынан құралған «Ай-ару» дуэті «Асыл әжем» әнін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Тағылымды кездесу соңында мектеп директоры Роза Зияханқызы сөз сөйлеп, кеш қонағына алғысын айтып, дипломмен марапаттады.

Жадыра ҚУАНҚЫЗЫ,

                                                        Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің Аға тәлімгері

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *