Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Челябинск қаласында екі елдің аймақаралық XIV форумы аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Кездесуде мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін және оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады делінген хабарламада.

«Біздің аймақаралық ынтымақтастық — қиындықтарға қарамай өсіп келе жатқан екі жақты экономикалық қарым-қатынастың негізі. Соңғы тоғыз айда екі ел арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесу — жаңа кезең, онда аса ірі мәселелер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де біздің елдер арасында ынтымақты әрі қарай дамытуда маңызды рөл атқарады» деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *