Қанат Ислам жыл спортшысы атанды

Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» — «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», — дейді Берік Сұлтан.

Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *