Facebook балаларға арналған қосымша шығарды

33

Facebook әлеуметтік желісі тағы бір қосымшамен толықты. Корпорация 13 жасқа дейінгі балаларға арналған мессенджер шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі belta.by-ға сілтеме жасап.

 Енді ата-аналар балаларының планшеттеріне не смартфондарына Messenger Kids атты қосымшаны орнатып бере алады. Мұнда профиль ашып, сөйлесуге ашық қолданушылар тізімін жасауға болады. «Үлкендерге» арналған фейсбуктен айырмашылығы онда міндетті профиль мен телефон нөмірін талап етпейді. Балаларға басты мессенджер рұқсат еткен контактілер де жаза алады.

Арнайы сүзгілер тыйым салынған материалдарды жіберу мен қабылдаудан сақтайды. Ата-ана мессенджерді, ондағы достардың тізімін өз аккаунты арқылы бақылайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *