Трансқазақстандық «Қытай-Иран» пойызы жолға шықты

37

2017 жылдың 28 желтоқсанында ҚХР-дың Хунань провинциясына қарасты Чанша қаласынан «Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран» бағытындағы пойыз жолға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Пойыздың жолға шығуына орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Hunan Xiangou Express Co. Ltd.» компанияларының арасында «Қитай (Чанша) — Қазақстан — Түрікменстан — Иран» тұрақты теміржол желісін дамыту бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойылды.

Аталмыш құжат Чанша, Алматы, Ашхабад және Тегеран қалаларында сауда-логистикалық орталықтарды құрып, кадр алмасып, инфрақұрылым салу мәселелерін қарастырады.

«Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК Қытайдың 17 провинциясы мен Вьетнам, Корея, Еуропа, Кавказ бен Парсы шығанағы елдерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ компания жүктерді жеткізу мерзімін назарға ала отырып, тұрақты контейнерлік пойыздарды жұмысын ұйымдастыру шараларын белсенді жүзеге асыруда. Осылайша, Қытай провинцияларынан Еуропа елдеріне тауар 9-дан 15 күн ішінде, Орталық Азия елдері мен Ресейге орташа алғанда 6-8 күнде жеткізеді. Қазіргі таңда ҚТЖ Қытай мен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағытқа қызмет көрсетеді. Бұл ретте тасымалға деген тарифтер бір контейнер үшін 0,55 долларды (2016 жылы 071 доллар) құрайды. Болашақта ол 0,44 долларға жетуі мүмкін»,-деді пойызды шығарып салу салтанаты барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі өкілдігінің жетекшісі Ерік Әубәкіров.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *