Гаджеттердің зиянын білдіңіз бе?

Қазір заман ағымына қарай, уақыт зымырап жатқандай болады. Бастаған ісіңді аяқтай бергенде, келесі жұмыстар алда күтіп тұрады.  Технологиялар  өндірісі кеңінен тарап, дүкен сөрелеріндегі жаңа гаджеттер саны күн сайын артып келеді.  Қайда барсаң да, қолдарына телефон, айфон, планшет ұстап, телмірген адамдарды кезіктіресің.

Иә, электронды құралдардың пайдасы көп. Кез-келген сұраққа жауапты ғаламтордан табасың, фильм көресің, тіпті кітап оқисың, қызықты ақпараттармен танысасың, олармен бөлісесің…  Дегенмен, гаджеттердің пайдасынан гөрі, зияны көбірек сияқты.   Көп уақытты телефонға қараумен өткізу көру қабілетін нашарлатып, обыр ауруларын тудырады, семіздікке шалдықтырады,  жүйке жүйесін зақымдайды, ұйқыны қашырып, денсаулықты құртады.

Адамдардың басым бөлігі ұйқыға кетер алдында, телефонын ақтарғанды ұнатады екен. Әлеуметтік желілерде тіркелген қолданушылар солардың қатарынан.  Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер түнгі уақытта телефон қолданатын адамдардың денсаулығын талдай келе, гаджеттердің ұйқы бұзылуынан туындаған аурларға шалдықтыратынын анықтаған.

Белгілі болғанындай, электронды құралдардың барлығы да жарықтың ерекше түрін шығарады. Олар өз кезегінде ағзадағы биологиялық ырғақтарды бұзады. Бұдан ағзадағы мелатонин, яғни ұйқы гормонының түзілуі әлсірейді. Мелатонинның құралуы түнгі уақытта, яғни қараңғылықта жүзеге асады. Ол ағзаны ұйқыға дайындап, тынығуын қамтамасыз етеді. Ал телефон сәулелерінен шығатын көк түс мелатонин түзілуін бәсеңдетіп,  ұйқы бұзылуына әкеледі, ағза тынықпай,адамның жұмысқа қабілеттілігі нашарлап, әлсіздікке ұшыратады. Ұйқысыздық ұзақ уақытқа созылса, қант сусамырына бейімділік артады, артық салмақ қосылады, жүрек-қан тамырлары аурулары мен обыр дертіне шалдығу жағдайлары артады.

  1. Гаджеттерді мүлдем қолданбау керек деп айтуға болмас. Дегенмен, телефонды күнделікті ұйқыға кететін уақытыңыздан екі сағат бұрын қолданбаған жөн. Мелатонин түзілуі ұйықтар алдындағы екі сағатта басталады.
  2. Түнгі уақытта экраны кіші гаджеттерді қолдану керек. Олардың көлемі кіші болатындықтан, сәулелену күші де аз болады.
  3. Экран жарығын азайтып қолданыңыз.
  4. Жарық лампаларының да бәсең жанатын түрлерін қолданған жөн.
  5. Компьютер мен телефонды көп қолдансаңыз, арнайы қорғайтын линзалары бар көзілдірік таққаныңыз жөн.
  6. Гаджеттерді жиі қолданған сайын, таза ауада серуендеуді де жиі әдетке айналдырыңыз.

Үнемі сергек жүріп, өмірде белсенді болғыңыз келсе және денсаулығыңыздың саулығын ойласаңыз, түнгі уақытта гаджеттерден бас тартыңыз. Өйткені ұйқыңыздың қануы мықты денсаулық кепілі.

 

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *