Абзал Ажғалиев Кореяда өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады

61

Шорт-тректен әлем кубогының, Универсиада, Азия ойындарының жүлдегері, 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысуышысы Абзал Ажғалиев Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын ұстап шығады. 

«Біздің спортшылар Пхёнчханда өтетін Олимпиада ойындарына спорттың тоғыз түрінен 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда біздің спортшылар спорттың 4 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. 10 жолдамашы биатлоншылар, 10 шорт-трек, 3 мәнерлер сырғанау, және 10 лиценцияны конькимен жүгірушілер иеленді. Жалпы біз спорттың тоғыз түрінен қатысуды ойластырып отырмыз. Олардың қатарында трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының споортшыларын ерекше атап өткім келеді. Олар барлық лицензиялық турнирлер бақтарын сынап, жақсы көрсеткіш көрсетіп, 10 жолдама жеңіп алды. Алдағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын Абжал Ажғалиев алып шығады. Ол Ұлттық құрамада бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан спортшы. Сондықтан да ту ұстап шығуға әбден лайықты», — дейді ҚР МЖС министрлігің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев «Хабар» арнасына берген сұқбатында.

Еске салайық, Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9 және 25 ақпан аралығында өтеді.

Дереккөз:Vesti.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *