Путин Қазақстан Президентінің көмекшісін Достық орденімен марапаттады

369

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірнеше шетел азаматын марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды. Марапатталуы тиіс азаматтардың қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Нұрлан Онжанов Баймолдаұлы да бар, деп  rosbalt.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды kazgazeta.kz.

«Халықтар арасындағы серіктестік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға, ұлттар мәдениетін жақындастыруға атсалысқаны үшін келесі аты аталған азаматтарды Достық орденімен марапаттауды бұйырамын: Сербияның Сыртқы істер министрі, мемлекет басшысының бірінші орынбасары — Дачича Ивицті, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Онжанов Нұрлан Баймолдаұлын», — деп жазылған ресми құжатта.

Нұрлан Онжанов 2014 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. Сондай-ақ, «Құрмет» (2006), «Парасат» (2011) ордендерімен және 5 медальмен марапатталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесіне ие.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *