Мемлекеттік хатшы Словакияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

183

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталатын Словакияның Қазақстандағы елшісі Петер Юзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Биыл Қазақстан мен Словакия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде. Осыған орай екі мемлекет арасындағы тұрақты әрі сапалы деңгейдегі саяси байланыстарға оң баға берілді.

Г.Әбдіқалықова «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Словакия басшылығына ризашылық білдіріп, Словакияның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы табысты қызметі үшін Словакия елшісіне алғыс айтты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *