Адамның ұзақ жасауының себебін жасушалардан тапты

Ұлыбританиядағы Ньюкасл Университетінің генетик ғалымдары адамның өмір сүру ұзақтығының себептерін тапты. Олардың анықтағанындай, жасушалардың жаңарып, ескірген жасшалардан арылуы, яғни аутофагия процессі негізінде, ағзаның зақымдалған жасушалардан құтылуы арқылы жүзеге асады. Аутофагия процессін зерттегені үшін Жапон биологы  Ёсинори Осуми 2016 жылы медицина мен физиология саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Аутофагия процессі вирустар мен бактерияларды жойып, ұрықтың дамуында маңызды рөл атқарады. Ал бұл үдерістің бұзылуы, яғни жасушалардың зақымдалуы Паркинсон ауруының, қант сусамырының және обырдың кейбір түрлерінің пайда болуына әкеледі. Ғалымдардың айтуынша, аутофагия адамның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді. Бұл механизм жылдар бойы дамып, ағзадағы  қышқылдану күйзелісін азайту нәтижесінде адам  өмірін ұзартады.

Techno.bigmir.net




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *