«Алтын жүрек анамыз»

578

 

12 ақпан  Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаеваның туған күні. Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға.

«Өзін өзі тану» пәні 2010 жылдың 1-қыркүйегінде еліміздің  үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді. Бұл пән балаларды ізгілік пен рухани тазалыққа тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Сонымен қатар, ата-аналар мен ұстаздарға бала тәрбиесінде берер көмегі ұшан-теңіз.

 

Сара Алпысқызының туған күніне орай, 2018 жылғы 1-12 ақпан аралығында Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан  № 176 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өтті. 12 ақпан күні мектепте бірінші сабақтардың барлығы ашық сынып сағаты болып белгіленді. 6 «Д» сыныбының сынып жетекшісі, әрі өзін-өзі тану пәнінің білікті мұғалімі  Иманалиева Жұлдыз Мұсақызы өз сыныбында  «Алтын жүрек анамыз» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында отбасы құндылықтары кеңінен насихатталып, оқушыларға жанұядағы  сыйластық пен сүйіспеншіліктің  маңыздылығы туралы айтылды. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен балалардың ата-анаға деген құрметі жайында ойлар ортаға салынды.  Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың еңбегі жоғары бағаланды. Мектеп-гиназиясының қабырғасында түрлі тақырыптарды қамтыған осындай ашық сабақтар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

 

Үміт Жұмаділова

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *