Биыл Жетісуға келетін туристер саны артпақ

207

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 1,5 млн. адам болса, соның 750 мыңнан астамs Алакөлдің үлесінде.  Жетісуды қолайлы демалыс орны деп есептейтін жандардың саны биыл 2 миллионға жетеді деп межеленіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар — Алакөл көлі жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд. теңге болатын «Феникс» ЖШС-ның демалыс аймағы және Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын «Есік» тау шаңғы курорты, жобаның құны 64 млрд.теңге.

Айта кетсек, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *