Еліміздің басым бөлігіне тұман түсіп, көктайғақ болады

244

Бүгін еліміздің басым бөлігіне тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашын болмайды.

Елдің кей жерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *