Мәслихат депутаттары лауазымына 200-ден астам қазақстандық үміткер

144

25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттарды сайлау 68 сайлау округында өтеді.

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

«Республика бойынша барлығы 214 кандидат тіркелген. Ақмола облысы бойынша – 9 кандидат, Ақтөбе – 12, Алматы — 18, Атырау — 18, Шығыс Қазақстан – 6, Жамбыл – 10, Батыс Қазақстан – 12, Қарағанды – 29, Қостанай – 41, Қызылорда – 12, Манғыстау – 3, Павлодар – 16, Солтүстік Қазақстан – 9, Оңтүстік Қазақстан облысы – 13, Алматы қаласы бойынша 6 кандидат тіркелді», — делінген хабарламада.

Сайлау кампаниясы сайлау заңнамасы нормаларының шарттарына сәйкес өтуде. Сайлау комиссияларына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.

Айта кетсек, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттарды сайлау 68 сайлау округында биыл 25 наурызда өтеді. 10 облыстық депутат, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Ал Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *