Оскар-2018: «Коконың құпиясы» ең үздік мультфильм атанды

453

Pixar студиясы түсірген «Коконың құпиясы» мультфильмі үздік анимациялық фильм аталымы бойынша «Оскар» алды. Аталған жүлдеге «Босс-молокососс», «Добытчица», «Фердинанд», «Ван Гог. С любовью Винсент» фильмдері де таласты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 «Коконың құпиясы» – туыстарына айтпай, музыкант болғысы келетін мексикалық бала туралы мультфильм. Ол арманына жету үшін өзінің Өлгендер әлеміндегі кумиріне жолға шығады.

Аталған мультфильм қазақ тілінде дубляждалған.

Айта кетейік, бүгін Лос-Анджелесте Америка киноакадемиясы беретін «Оскар-2018» сыйлығының тоқсаныншы салтанатты марапаттау рәсімі өтіп жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *