Бүгін көрісу күні

Көрісу күнін амал мерекесі деп те атайды. Бұл Қазақстанның Батыс өңірінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан игі дәстүр. Мерекенің тағы бір атауы – қауышу күні. Бұл күнде әр шаңырақ дастархан жайып, бауырсақ-шелпегін, тәттілерін пісіріп, алдын-ала дайындалады. Адамдар бір-біріне игі тілектерерін жаудырып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді, өкпе-реніш кешіріліп, амандық-саулық, береке-бақ тілеседі. Көріскен жұрт «Бір жасыңмен!», «Бір жасқа есеюіңмен!» деп мәре-сәре болады. Мейрам жыл бойына жалғасады. Осындай қуанышты леппен халық Әз-Наурызды қарсы алады. Қазір көрісу мерекесі бірте-бірте кең етек жайып, басқа қалаларда да атала бастады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *