Дәурен Абаев Қазақстан цифрлық хабар таратуға толығымен қашан көшетінін айтты

81

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі телерадио хабар таратуды цифрлық эфирге ауыстыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлім етті. Бұл туралы министр Фейсбуктегі өз парақшасында жарияланған видеода айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

«Телерадио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес мемлекет жарты жыл көлемінде эфирлік цифрлық телерадио хабар таратуға ауысудың уақытын белгілеуі қажет», — өз парақшасында осындай жазбамен видеожолдау таратқан ведомство басшысы, бүгінде цифрлық эфирге ауысу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баян етті.

«Цифрлық телевидение деген не? Бұл видеобелгі мен дыбыс таратудың жоғары сапасы. Сондай-ақ, визуалды кедергілерді жойып, эфирдегі тұнық дыбысты қамтамасыз етеді. Осылайша, отандық телеарналарды ақысыз цифрлық сапада тамашалау мүмкіндігі туады. Астана мен Алматы қалаларында, облыс орталықтарында 30 арнаға дейін көруге болады. Кезінде еліміздің ең шалғай елді мекендері және тұрғындары аз қоныстанған ауылдарда 2-3 арнаны ғана көруге мүмкіндік бар еді. Ендігіде, 15 отандық телеарнаны жоғары сапада тамашалайтын болады», — дейді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты төмендетеді.

«Тура алты айдан соң Маңғыстау облысы толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Екі жыл ішінде өзге аймақтар да цифрлық хабар таратумен қамтамасыз етіледі. Аналогтық хабар тарату кезең-кезеңімен тоқтатылады. Бұл — үлкен әрі зор еңбекті талап ететін жұмыс. Келісіп пішкен тон келте болмайды. Біріксек — алынбайтын қамал жоқ», — деп түйді Абаев.

Атап өтілгендей, жоба бойынша 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. 2012 жылы басталған құрылыс жұмыстарының арқасында бүгінгі таңда 356  станса салынған. Жылдың соңына дейін тағы 292 стансаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол халықтың 94 пайызын цифрлық хабар таралымымен қамтуға мүмкіндік береді. Қалған 179 стансаны 2019-2020 жылдары пайдалануға беру көзделуде.

«Теле радио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес мемлекет жарты жыл көлемінде эфирлік цифрлық теле радио хабар таратуға ауысудың уақытын белгілеуі қажет.

Опубликовано Дауреном Абаевым 15 апреля 2018 г.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *