Жас мамандар мектебі

257

2018 жылдың 10-12 қаңтарында Механика-математика факультетінің әдістемелік бюросы ұйымдастыруымен Механика-математика факультетінде университеттің жас педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жас оқытушылар мектебінің кезекті семинары өткізілді. Кезекті семинарды факультетіміздің білікті мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісе отырып, жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтты. Семинар барысы өте қызықты әрі сапалы өтті. Жас мамандар үшін мұндай семинарлар біліктілігін арттыруға таптырмас мүмкіндік болды.

Семинарда келесі тақырыптарға баяндама жасалды:

  1. Хакимова Т.Х.  Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың педагогикалық әдістері
  2. Бөрібаев Б.Б: «Программалау пәндерінен зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелері»
  3. Жуманова Л.К. – Содержание математического образования и способы передачи знания
  4. Абдуахитова Г.Е. – Организация и оценка знания студентов
  5. Байшоланова Қ.С. «Жас оқытушылардың педагогикалық құзіреттілігін арттыру шаралары»
  6. Алимжанова Л.М. Формирование компетенций через проектно-ориентированные методы в образовательном процессе
  7. Каруна О.Л. – «Качественное образование – залог успешного будущего»

Айта кетсек Б.Бөрібаев «Программалау пәндерінен зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелері» тақырыбына жасаған баяндамасында зертханалық жұмысты қалай дұрыс және сапылы жүргізу жайында және оның негізгі мәселелері туралы бөлісті. Аталған маманның педагогикалық тәжірибесі айтарлықтай көп.  Сол себепті де құнды мәліметтермен алмасып, алдағы уақытта тәжібеде қолданамыз деген сенімдеміз.

Л.Алимжанованың «Формирование компетенций через проектно-ориентированные методы в образовательном процессе» атты баяндамасында студенттерді қалай топтастырып жұмыс жасауға болатынын және өзара тығыз байланыс орнату арқылы сабақты қызықты да, сапалы жүргізу туралы айтып өтті.

Семинардың ең қызықты баяндамасын О.Каруна «Качественное образование – залог успешного будущего» тақырыбына жүргізді. Ол сапалы білім жайлы ғана емес сонымен қатар көптеген жаңа тәсілдермен де бөлісті. Семинар барысында аталған тәсілдер арқылы ойын түрінде сабақты жүргізу және студенттердің есінде қалатындай сапалы білім беру арқылы оларға жарқын болашақ жол ашу жайлы қызықты баяндамасын аяқтады.

Мұндай кезекті семинарлар жүргізу арқылы жас мамандарды сапалы білім беруге дайындау арқылы жарқын болашаққа жол ашамыз.

П.ОМАРОВА, А.САЛИМХАНОВА, Г.БЕЙСЕНБЕКОВА




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *