Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы

558

Биыл ел тарихындағы елеулі оқиға – Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдық мерейтойы! Айтулы оқиғаға байланысты бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы Жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өз жұмысын бастады.

Конференцияны ұйымдастырушылар — Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Республикалық ардагерлер ұйымының орталық кеңесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры.

2017 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев мерейтой қарсаңында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қосқолаң тауының етегінде жатқан ұлы жеңісте бас қолбасшы болған Салқам Жәңгір хан мен оның 56 батыр сарбаздары жатқан жерді қоршатып, ханға лайықты ескерткіш белгі қойғызған болатын және Қазығұрт ауданының Шымкент-Ташкент халықаралық күре жолының бойында Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс Баһадүрлердің ат үстіндегі айбынды ескерткіштері орнатылды. Бүгінгі шара соңында аталған ескерткіштер мен «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің ашылу салтанаты өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *