Сот шешімі адамға түсінікті тілде жазылуы тиіс – Жақып Асанов

Жыл сайын аудандық, қалалық судьялар 1 миллионнан астам істерді қарайды.

Бұл жөнінде Жоғарғы соттың пленарлық отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жыл сайын аудандық, қалалық судьялар 1 миллионнан астам істерді қарайды. Қылмыстық істер, азаматтық істер, әкімшілік істер. Әрбір іс бойынша тиісті шешім, тиісті үкім, тиісті қаулы қабылданады. Мысалы, 2017 жылы аудандық, қалалық судьялар 1 млн 200 мың іс қарап, соншама шешім, үкім, қаулы қабылдады. Ал көп жағдайда осындай шешімдер және үкімдермен көп адам келіспей, наразылықтарын білдіреді. Оның, әрине, бірнеше себептері бар. Оның негізгі себебінің бірі – сот шешімдері мен үкімдерін түсінбеулері. Біз осы жөнінде бір ай бұрын үлкен талқылау жүргіздік. Азаматтық істер бойынша сот шешімі қабылданады. Сол сот шешімдері қандай болуы керек, сол жөнінде бірнеше талап қойдық, нормативтік қаулы қабылданған. Мысалы, мазмұны бойынша соттың шешімі оңай, жеңіл, көпшілікке түсінікті тілмен жазылсын деп шешім қабылдадық. Билік адамға адамға сыйластықпен қарайтынын көрсету керек. Сондықтан үкім қарапайым адам үшін ашық, түсінікті, қолжетімді болуы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген сот актілерінде қажет емес, артық ақпарат өте көп болады. Олар сәйкесінше сот үкімі мәтінін  дұрыс әрі нақты түсінуге кедергісін келтіреді. Сосын арыз иесінің әр уәжіне нөмірлеп тұрып сот шешімінде соларға жауап беруіміз міндетті деп шештік. Сонымен қатар, біздің заң терминдеріміз көп. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Оны біз сот шешімдерінде пайдалануға міндеттіміз. Біз оны пайдаланғанда қарапайым тілге аударуды талап еттік», — деді Жоғарғы сот төрағасы.

Сонымен қатар, Асановтың айтуынша, әрбір үкім мен қаулының логикалық және техникалық тұрғыдан түсінікті болуы қамтамасыз етілуі тиіс.

«Сол себепті біз мынандай талап қойдық. Әрбір шешімнің логикалық құрылымы болуы тиіс. Сосын техникалық тұрғыдан ешқандай талап жоқ. Сол себепті шешімдерде не абзац, не интервал жоқ, көбіне майда әріппен жазылады, адамдар оны түсінбейді, оқи алмайды, адамның көзі ауырады. Сондықтан, техникалық талап та қаулыда қарастырылды. Бұл азаматтық істер бойынша. Ол 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оған дейін төрт жарым ай бар. Осы уақыт ішінде біз аудандық, қалалық судьяларды осыған үйрету керекпіз. Қалай жазу керек, қалай сөйлеу керек, риторикаға. Мұның барлығын біз жоғарғы оқу орнында үйренбегенбіз, ал бұл бізге қажет нәрселер.  Қылмыстық істер бойынша үкім қабылданады, әкімшілік істер бойынша қаулы қабылданады. Ал үкім мен қаулылар бойынша ұқсас проблемалар өте көп. Бүгін біз осыған қатысты талқылау жүргізіп, жан-жақты қараймыз, пікірлер тыңдалып, тиісті нормативтік қаулы қабылданады», — деді Жақып Асанов.

Жақып Асанов әр судья шешендік өнер тәсілдеріне мән бергені дұрыс екенін атап өтті.

«Судья қарапайым адамдар тілінде жазуды үйренуі тиіс. Біз өзіміздің күрделі, кәсіби тілімізді процеске қатысушылар тіліне бейімдей біліуіміз керек. Көптеген елдерде тіпті түсінікті тілде жазу туралы заң жобалары қабылданған. Мысалы 60 жылдары Ұлыбританияда шенеуніктердің түсінікті тілде сөйлеуін талап ететін арнайы қауымдастықтар да құрылған болатын», — деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *