ҚазҰАУ Наурыз тойын мерекеледі

20 сәуір күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде халқымыздың Ұлы мейрамы – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қадірменді қонақ ретінде арнайы келіп, оқу орнының ұстаз-ғалымдары мен білім алушы жастарымен кездесті, — деп хабарлайды ҚазҰАУ Баспасөз қызметі.

Мерекелік концертті тамашалауғка келген жұртшылық наурыз дастарханынан дәм татып, университеттің оқу-ғылыми зертханаларын аралап, оқу орны базасындағы «Н.Назарбаев білім және ғылым орталығы» мен Агротехнологиялық хаб құрамындағы инновациялық орталықтарының жұмысымен танысты.

« – Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың, жаңару мен өркендеудің мейрамы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен татулықтың, тазалық пен ізгіліктің тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлттық мереке» – деп, ұжымға жүрекжарды ізгі тілегін білдірген қала әкімі  Бауыржан Байбек Қазақ ұлттық аграрлық университетінің отандық ауыл шаруашылығы саласында айрықша орны мен зор мәртебесі бар екенін атап өтті.

Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанатты шараны ұйымдастырушы университет ректоры, академик Тілектес Есполов, бүгінгі күні мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін жаңа бағытта дамытуға ерекше көңіл бөлініп, «Президенттің бас бастамасы» мен «Рухани жаңғыру» идеясы аясында елімізде серпінді жобалар мен стратегиялық бағдарламалардың тиімді іске асырылып, халықтың әл-ауқатының артып келе жатқанын атап өтті.

Қонақтар мен университет ұстаздарына оқу ордасы бас ғимаратының алдында студенттер дайындаған ұлттық ән-күймен көмкерілген сахналық көрініс пен спорттық ойындар және кітап көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге арнайы тігілген ақшаңқан киіз үйлерден наурыз көже ұсынылды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *