«Ұлы дала елі» жаңа мобильді қосымшасы әзірленді

259

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шетел азаматтары мен туристер үшін қолайлы.

Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы – «Қазақстан – Ұлы дала елі» мобильдік қосымшасы  еліміздің  географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, туризмі және халықаралық қатынастары сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұнда жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, түрлі келбет, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шетел азаматтары мен туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін қосымша құрал болмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *