Назарбаев пен Саркисян Армениядағы жағдайды талқылады

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

«Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті», — делінген ресми сайтта.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *