Нұргүл Мауберлинова ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

26

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұрын вице-министр лауазымында Алан Әжібаев болған еді, ол берген өтінішіне сәйкес бұл лауазымынан босатылды.

Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлектетік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылым мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

2006–2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің  бас маманы, бас сарапшы.

2008–2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012–2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Дереккөз:primeminister.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *