Ғалымдар ашығу мен жасарудың байланысын тапты

282

Масачусетс технологиялық институтының биологтары ашығу ағзада жаңа жасушалардың пайда болуына әсер еткенде жасару процесі екі есе тез жүретінін дәлелдеді

Зерттеудің нәтижесі Medical Xpress журналында жарияланды.

Тәжірибе тышқандарға жүргізілген. Бір тәулік бойы тамақтандырылмаған кеміргіштерде зат алмасу процесі өзгерген. Нәтижесінде глюкозаның орнына май қышқылдары ыдыраған. Содан кейін жаңа жасушалар пайда болып, жасару процесі жүрген.

Басылымның жазуынша, бұл жаңалық ішек-қарын жолы инфекциясынан кейін емделіп жүрген және химиятерапия алған егде кісілер үшін дәрі-дәрмек жасауға ықпал етпек.

Дереккөз: Baq.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *