2024 жылғы Олимпиада ойындарының өтетін уақыты белгілі болды

351

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының уақытын бекітті.

Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында «ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді», деп жазды ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі. Франция астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024-ші жылы шілденің 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді. Былтыр қыркүйек айында ХОК тұңғыш рет өз тарихында екі жазғы Олимпиаданың өту орнын бір уақытта жариялаған болатын. Осылайша, 2024 жылы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды.

Дереккөз: Қазақпарат.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *