Елбасы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

384

Жеңіс күнінің құрметіне  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Панфиловшылар саябағына барып, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мемлекет басшысы қарт майдангерлермен жүздесіп, олардың ерлік істерін көпке үлгі етті.

Бүгін 73 жыл бұрынғы адамзаттың қасіретті ғұмыры Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған күн. Отанымызды жаудан азат етуге 1 миллион 800 мыңнан астам жауынгер майданға аттанды. Мыңдаған отандасымыз қан майданда қаза болды.  Бес жүз отандасымыз Кеңес одағының батыры атанды. Президент  майдан даласында отан үшін отқа түскен жауынгерлердің  ерлігін паш етіп, тәуелсіздік тарихындағы Жеңіс күнінің маңызын атап өтті.

«Бүгін – 1945 жылы аяқталған Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі. Ең алдымен бұл мереке – ардагерлеріміздің мерекесі. Сұрапыл соғыстың ішінен аман-есен шығып, жауды жеңіп, бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлады. Сондықтан да біз ардагерлерді қадір тұтып, Қазақстанның әр жерінде, әр түкпірінде қошемет жасап, басымызды иеміз. Біздің Қазақстанымыз 1 млн 800 мың адамды майданға аттандырды, оның жартысы келмей қалды. Сұрапыл соғыста ерлік көрсетті. 500 мың адамымызға Кеңес одағының батыры деген атақ берілді. Тылда Қазақстанның істеген еңбегі жауынгерлерге қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін жатпай тұрмай күндіз-түні жұмыс істеді. Менің буыным, менің өсіп келе жатқан інілерім өздерін қалай десе де бақытты деп санауға болады. Күнделікті шаруаның анау-мынау жетпейді дегенді ойлап қарасақ, тек қана біздің буын – соғыссыз өмір сүріп келе жатқан буынбыз. Біздің аталарымыз анау революцияның кезіне келді, әкелеріміз Ұлы Отан соғысының кезіне тап болып, репрессияға түсті, біз ғана бейбіт өмірді сүріп келе жатырмыз. Оның барлығы – ардагерлердің арқасы. Сіздерге мың да бір рақмет! Жасай беріңіз, арамызда бола беріңіздер деп тілек айтамын»,-деді Елбасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *