Ыстық судың пайдасы

502

Біз әдетте ертеңгілік астан бұрын  бір кесе салқын су ішеміз. Ал ыстық судың қаншалықты пайдалы екендігін көбіміз біле бермейміз.

Суды не үшін ішу керек?

Ресми және дәстүрлі емес медицина суды міндетті түрде ішу керек деген пікірмен келіседі. Алайда  қалай, қашан және қандай су ішу керек дегенде пікірлер екіге бөлінеді.

Таза су көп жасаудың  қайнар көзі. Сондықтан суды дұрыс ішу де маңызды болып табылады.

Адам ағзасы 60–80 %-ға судан тұрады. Сапалы  өмір сүру үшін суды көп мөлшерде ішу керек. Бірақ қанша мөлшерде ішу керектігін адам өзі шешеді. Ресми медицинаның айтуынша, суды қанша ішкіңіз келсе, сонша мөлшерде ішу қажет деп айтады.

Судың керекті мөлшері адам жынысына, жасына, салмағына, физикалық белсенділігіне, қоршаған ортаға және  тамақ жеу тәртібіне байланысты.Статистикалық зерттеулерге қарағанда, ерлерге күніне 3,7л  сұйықтық, ал әйелдерге 2,7 л шамасындағы су ішкен жеткілікті. Ағзаға түсетін судың күйі маңызды емес. Яғни шырын, шай, сорпа, жеміс-жидек пен көкөніс түрінде. Шығыс ілімі бойынша, мәңгілік жастықтың құпиясы нақ ыстық суда сақталған екен. Бұл қайнаған немесе жылы су емес, дәл 40-45 градус температурадағы су.

Тибет дәрігерлерінің пікірінше, ашқарынға ішілген бір кесе ыстық су өмір жасын 10 жылға ұзартады. Ыстық су түн ішінде жиналған асқазандағы зиянды микробтарды өлтіреді. Ал Қытайда балаларды тамақ алдында жылытылған су ішуге дағдыландырады.  Тіпті мейрамханалар мен дәмханаларда  тапсырыс әкелместен бұрын мейманға бір кесе ыстық су беріледі.

Аюрведа іліміне сәйкес, оянғаннан кейін ішілген жылы су бас сақинасынан, қан қысымының жоғарылауынан, қан аздықтан, семіздіктен, буындардың қабынуынан айықтырады.

  Суық судан ағза тітіркеніп  қалады да, суды оптималды температураға, яғни  дененің ішкі температурасына  дейін жылыту үшін «дабыл қағады». Басқа сөзбен айтқанда, асқорыту мүшелерінде қан тамырлары тарылып, құрысады.  Асқазан мен  өңеш қабырғаларын «қорғау» үшін  асқазан  шырышы көп мөлшерде бөлініп, ас қорыту баяулайды. Асқазан мен өт қабы түйіліп, өт жолдары толады. Осылайша  адамдар суық су немесе мұз қосылған сусындар ішу арқылы ағзаларына орасан зор зиян тигізеді.

Құнарлы заттарды сіңірудің орнына, дене қуатты  температураны реттеу үшін жұмсайды. Сондықтан бұл артық салмақтан арылу үшін тиімді тәсіл емес.

Ыстық суды тойып тамақтанғаннан кейін емес, керісінше, таңертең, аш қарынға ішкен жөн. Ыстық су асқорыту мүшелерінің бұлшық еттерін босаңсытып, асқазан қабырғаларын ас қалдықтары мен асқазан сөлінен тазалап, қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті дұрыстайды. Ағзадағы зат алмасу реттеледі, қан тазарады, уытсыздану үдерісі күшейеді. Ағза біртіндеп «оянады».

Жылытылған суды ішуді күнделікті дағдыға айналдырсаңыз, нәтижесінде бет терісі тазарады, артық салмақ азаяды, қан қысымы тұрақтанады.

Есіңізде болсын, суды қатты қайнатпаңыз. Тек жылытып барып, бір кесе суды асықпай, кішкене жұтыммен ұрттап ішіңіз. 20 минут өткен соң, таңғы асқа кірісуіңізге болады.

 

 

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *