Назым Қызайбай бокстан ел чемпионы атанды

Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай чемпион атанды.

Назым финалда оңтүстік қазақстандық Жайна Шекербековамен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Назым Қызайбайдың ел біріншілігінде төртінші рет топ жаруы. Сондай-ақ, 48 келі салмақта жамбылдық Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Ол финалда Ақмола облысының спортшысы Айгерім Қасенаевадан айласын асырды. Өткен жылғы ел біріншілігінде де осы екі боксшы финалда жұдырықтасып, Назым Қызайбайдың жеңісімен аяқталған болатын.

Дереккөз: Baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *