Өскеменде қалың қар жауды

454

Бұған дейін синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде қар жауатынын ескерткен.

 «Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына қарай Батыс Сібірден арктикалық салқын аумақтар жылжуда. Ол күннің салқындауына, жауын-шашын мен қар жаууына алып келеді. Ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа төмен болады»,-деп «Қазгидромет» орталығы алдын-ала мәлімдеген. Екі күн бұрын Қарағанды мен Павлодар облыстарында қар жауды. Бүгін таңнан бастап Өскемен қаласында жапалақтап қар жауды. Шығыстағылар табиғаттың тосын мінезіне таңқалып қалды. Кейбір тұрғындар қардың видеосы мен фотосын түсіріп әлеуметтік желіге жариялады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *