Қазақстанның инвестициялық қоры Ақмола облысындағы ет комбинатын сатты

377

Қазақстанның инвестициялық қоры Ақмола облысындағы қолданыстағы ет өңдеуші комбинатының мүлкін сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асырды.

«Бағаның өсуіне байланысты сауда-саттықтың нәтижелері бойынша ҚИҚ Ақмола облысы, Бурабай ауданында, Щучинск қаласында орналасқан ет комбинатының мүліктік кешенін сатты. Объектінің сату бағасы – 524 311 390 теңге құрады, ал оның бастапқы бағасы 419 831 000 теңге болған. Сауда-саттықтар «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ порталында өткізілді (gosreestr.kz). Сауда-саттықтардың жеңімпазы «KazBeef Processing» ЖШС болды», — делінген қордың хабарламасында.

ҚИҚ-тан түсіндіріп кеткнедей, 2015 жылдың қыркүйегінде ет комбинатының мүлкі қордың теңгеріміне қабылданды. Сондай-ақ бос тұрған кешен қалпына келтіру жұмыстары мен өндірісті іске қосу үшін кейіннен жалға берумен қарызға берілді. Бүгінде жоба сәтті жұмыс істеуде, 48 жұмыс орны құрылды.

«Осы жобаны іске қосу Қазақстанның солтүстік аймағында жоғары сапалы ет өнімдері өндірісі бойынша бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін жасау қажеттілігіне байланысты болды. Өндірістік қуаты: сойыс цехі – бір ауысымда 10 тоннаға дейін ІҚМ еті; қайта өңдеу цехі – бір ауысымда 3 тонна еттен немесе жылына – 1500 тонна салқындатылған ет; 1500 тонна шұжық және жеңсік астар; 200 тонна қосымша өнім. Кәсіпорын JUEWNTA DB GmbH, Schenk Engineering (Германия) технологиялық жабдықпен жабдықталған», — деп толықтырды қордан.

Өңдірілетін өнім үшін жоспарланған өткізу нарығы – негізінен Қазақстан мен Ресей Федерациясының аумағы.

Атап өтсек, ҚИҚ басты міндеттерінің бірі – бұрын өндірістік объектілерге салынған мемлекеттік қаражатты қайтару мақсатымен кейіннен сатумен проблемалық активтерді сауықтыру болып табылады.

 

Дереккөз: Baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *