Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармаларының түпнұсқасы табылды

153

Оңтүстік Қазақстан облысында Майлықожа шығармаларының түпнұсқасы табылды. Түпнұсқаның авторы  Жүсіпқожа Қалқожаұлы Майлықожаның замандасы болған. Ғасыр жасаған құнды қолжазбалар Жүсіпқожа ұрпақтарының қолында сақталыпты. 380 бет түпнұсқамен осыған дейін жарыққа шыққан Майлықожа шығармаларын салыстырып қарағанда айырмашылығы көп екені айтылады. Ол шығармаларды әнші-жыршылар мен әңгімешіл адамдардың сөзінен жазып алғандықтан түпнұсқадан алшақ. Қазір шежіреші Сейіт Омар Саттарұлы араб әрпімен жазылған әріпті қазақшаға аударып, ғалымдармен бірлесіп жарыққа шығаруды қолға алды.

«Менің қолымда 3 адамның қолжазбасы бар. Жүсіпбекқожа Қалқожаұлының, Асан молда Асылбековтың, Тұрсынәлі Айнабековтың және Қалтайшаның қолжазбалары бар. Мың бет болсада үлкен бір кітап етіп шығарамыз деген. Кейінен көңіл айту, айтыс, дастандарын өз алдына 2-3 томнан шығаратын болсаңдар шығара беріңдер деді. Біз сендерге 1 томын шығарып берсек деген ғылым академиясы»,-дейді шежіреші.
Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *