ҚР Мәдениет және спорт министрі шетелдік тілшілермен кездесті

140

Елімізде электронды виза беру әлі сылбыр тартады. Рұқсат қағазды онлайн түрде рәсімдеу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанымен көңіл көншітерлік емес. Электронды виза беру арқылы туристердің қатарын арттыратын мол мүмкіндік болатын. Бұл жөнінде Астанада өткен әлемдік БАҚ өкілдерінің басқосуында айтылды.  Шетелдік журналистер елімізде қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен кеңінен танысты. Журналистермен жүздесу барысында  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани жаңғыру» жайлы баяндама жасады.  Кездесуден соң шетелдік тілшілер Маңғыстау өңіріне сапарға аттанды.

«Қазіргі кезде Қазақстанға қызығушылық өте көп. Біз Қазақстанның жетістігін өнер саласында болсын, басқасында болсын дүниеге кеңінен таныстыруымыз керек. Осыған алдыңғы қатарлы БАҚ өкілдері келіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік»,-деді министр.
Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *