Спорт үстемдік құрған күн!

2

Астана төрінің «Дәулет» Спорт кешенінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сенің жаңа қырың!» челленджі аясында өңірлермен ауқымды «Спорттық Телекөпір» ұйымдастырды. Телекөпір мәнісі – облыстармен бірігіп сауықтыру гимнастикасын жасауға саяды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өңірлерді Елбасының бастамасын қолдап, челленджге қатысуға шақырды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  баспасөз қызметі  хабарлады.

«Мемлекет басшысы біз үшін үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы аталған акция аясында барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Айта кетейін, Елбасы өзінің Қазақстан Халқына Жолдауын аясында ең маңызды тапсырманы— 2020 жылға қарай, халықтың 30% дене шынықтыру және спортпен айналысуы қажет деген болатын. Аталған тапсырманы орындау аясында, өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен айналысатын дамдар саны 5 млннан асты, бұл халықтың 28,7. 2016 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен айналысатындардың саны 1,3% болды. ЬБіз осымен тоқтап қалмауымыз керек.

Мен сіздердің барлықтарыңызды спортпен айналыуға шақырамын, дене шынықтыру Сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айналуы қажет,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қонақтардың сөзінен соң, Арыстанбек Мұхамедиұлы телекөпір арқылы 4-қаламен Шымкент, Өскемен, Петропавл, Ақтау онлайн трансляцияға шықты. Спорт басқармасы басшыларының жетекшілігімен челлендж қатысушылар динамикалық музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады. Шараға белгілі спортшылар, әртістер, мәдениет қайраткерлері, өңірлерге белгілі танымал тұлғалар қатысты. Маңғыстау облысынан бокстан Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов байланысқат шығып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Шығыстықтарды Юлия Галышева бастады, Оңтүстік өңірде гимнастшы Әлия Юсупова бастаған спортшылар кешенді жаттығу жасаса, Солтүстік Қазақстан облысынан жақында ғана Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова байланысқа шығып, жиналған қауымға аталған спорттық бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Астанадағы гимнастикаға Серік Сәпиев, Василий Левит, Ұлан Рысқұл, Гюзаль Манюрова, Ағайынды Жүгінісовтер, Жеңіс Сейдоллаұлы және тағы басқа халық қалаулылары қатысты.

Айта кетейік, трансляция тек 4 — облыспен жасалды, алайда жергілікті жерлерде дене шынықтыруды қалған 10 өңір де жасады. Осылайша дене шынықтыру жаттығуы барлық 14 облысты қамтыды.

Естеріңізге салайық, 22 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаев республикалық спорттық «Challenge Другой ты!» шарасына қолдау білдіріп, қазақстандарды спортпен айналысуға шақырған болатын. Шараның мақсаты – қазақстандықтар арасында дене шынықтыру мен спортты танымал ету. Оның аясында белгілі спорт, мәдениет, БАҚ өкілдері дене шынықтыру жаттығуларын жасап, қазақстандықтарды спортпен айналысуға шақырады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *